cropped-1.jpg

21498281

  «Бір ел — бір кітап» республикалық  акциясы аясында  «Жыл кітабы — 2017» таңдауы ақын С.Торайғыровтың шығармаларын  болды. Осыған орай, Текелі қаласы әкімдігінің қалалық кітапханасы» КММ №2  филиалында кітапханашы Нұрмуқа Т.С. «Жыр сұлтаны» атты поэзия минутын өткізді. Шара кіріспесі Б.Тоғысбаевтың сөзімен басталды: Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ әдебиетіндегі Абайдан кейінгі ірі тұлға. Оның туындыларының негізгі қасиеті – реалистігі мен халықтығы. Кітапханашы ақынның өмірбаянымен, шығармашылығының ерекшелігімен және  жарық туындыларымен таныстырды. Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920ж) Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында дүниеге келген. Ақын, ағартушы-демократ. 13 жасында өлең жаза бастаған. 1912-13ж.ж «Оқып жүрген жастарға»,»Мағынасыз мешіт»,»Досыма хат»,»Жазғы қайғы»,»Қымыз»т.б.өлеңдерін, «Зарландым»,»Ауырмай есімнен жаңылғаным», т.б. әңгіме, «Қамар сұлу»,»Кім жазықты»(1915) романдарын жазды. Торайғыров “Қамар сұлуда” әйел теңсіздігі мәселесін көтере отырып, дәуір шындығын әлеуметтік тұрғыда талдаса, “Кім жазықты?” романында ауыл өмірінің шындығын жан-жақты суреттей келе, қазақ халқының шаруашылық тұрғыдан дамымағанын, талапсыздық пен шаруаға қырсыздықты, жалқаулықты, алауыздықты сынайды. Шара соңында кітапханашы оқырмандарға ақынның кітаптарын және басқа жазушылардың ақын туралы жазған шығармаларын ұсынды.

 

 

115417241_5043945_112706353_5043945_chernila

Жылдағы дәстүр бойынша «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында, биыл «Жыл кітабы – 2017» таңдауы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларына түсті. Осыған орай «Текелі қаласы әкімдігінің қалалық кітапханасы» КММ балалармен жұмыс істейтін № 1 филиалында кітапханашы Досан- Аман А.И. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Алаштың ардақты ақыны — Сұлтанмахмұт Торайғыров» атты әдеби кеш өткізді. Шара барысында қатысушылар қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар, аққан жұлдыздай зымырап, өмірден ерте кеткен өршіл ақын С.Торайғыровтың өмірі және шығармашылығымен танысты. Сұлтанмахмұт – Абайдан кейінгі ұлы тұлға. Ол әрдайым ізденумен, талап қылып, алға ұмтылумен өтті. Өзін ғана қайрап қоймай, жастарды да «адам болып шығуға» үндеп жар салды. Шараға қатысушы оқушылар ақынның өлеңдерін оқып, өздерінің ой- пікірлерімен бөлісті. Осы шараға орай «Сөз сұлтаны – Сұлтанмахмұт» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

Реклама

Первая запись в блоге

Это ваша самая первая запись. Чтобы отредактировать или удалить её, нажмите кнопку «Изменить» или создайте новую запись. Если вы хотите написать что-нибудь ещё, расскажите читателям, почему завели блог и что планируете в нём публиковать. По всем вопросам вы можете обратиться к участникам форумов поддержки.